Бүгін Парламент Мәжілісінде 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстыру кезінде Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков бюжет шығыстарына түсінік берді.
— Бюджет шығыстары 97,8 пайызға атқарылды және 23,6 трлн теңгені құрады. 526 млрд теңге атқарылмады. Оның ішінде 12 млрд теңге — бұл Үкімет резерві қаражатының бөлінбеген қалдығы және өзге де үнемдеу. 422 млрд теңге сомасындағы атқарылмау бюджеттік кредиттер мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер бойынша шығыстарға бөлінбеу себебінен қалыптасты. Алайда, аталған жағдайдың халыққа тікелей әсер етпегенін атап өткім келеді, қажет медициналық қызметтер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен көрсетілген. 92 млрд. теңге — игерілмеген, — деді Д. Темірбеков.
Игерілмеудің негізгі себептері: шарттарды жасамау, өнім берушілердің тауарларды уақтылы жеткізбеуі, жоспарланған іс-шараларды уақтылы өткізбеу, конкурстық рәсімдерді ұзаққа созып өткізу және өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы.
Фото: time.kz