Мектептерде 1 мыңнан астам стоматология кабинеті ашылады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мектеп медицинасын дамыту шаралары туралы баяндады.

- Өткен жылы оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті және балаларды динамикалық бақылаумен қамту 3% өсті. Балалардан көбіне ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталып жатыр, - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.

Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде келесі іс-шаралар іске асырылып жатыр:

     - мейіргер жүктемесін азайту (мектеп мейіргерінің 700 балаға 1 ставкасы 500 балаға 1 ставка деп азайтылды);

     - 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық аурулардың алдын алу кабинеттерін ашу;

     - медициналық-санитариялық алғашқы көмек жанындағы мектеп медицинасы бөлімшелерін ұйымдастыру;

     - кәсіптік тексерулер жүргізу тәртібін қайта қарау және мамандардың біліктілігін арттыру.

Цифрландыру бойынша автоматтандыруға арналған мынадай IT-шешімдер енгізіліп жатыр:

     - вакцинациялауды және тексеруді жоспарлау;

     - балалардың өтінішін онлайн тіркеу;

     - eGov және СМС арқылы ата-аналармен 1414-пен байланыс;

     - «Күнделік», «Bilim.Class», «Білімал» «EDUS.Mektep» жүйелерімен интеграциялау.

Ведомствоаралық өзара іс қимыл шеңберінде келесі жобалар іске асырылып жатыр:

     - ментальды және репродуктивті денсаулықты қоса алғанда, «Денсаулық сабақтары»;

     - жарақаттардың алдын алу жөніндегі жол карталары;

     - «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» жобасы;

     - 2030 жылға дейін мектеп медицинасын ғылыми зерттеу.


Фото: aqtobegazeti.kz