Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамына өзгеріс енгізілді

Қазақстан футбол федерациясы шешімімен ұлттық және жасөспірімдер құрамалары бапкерлер құрамына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды qazradio.fm.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті. Аталған шешім құрамалардың даму мен жаңғырудың жаңа кезеңіне көшу аясында жүзеге асып отыр. ҚФФ техникалық директоры қызметіне Геннадий Скуртул келсе, Руслан Балтиев ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметін атқарады.

Құрама бапкерлерінің тізімі төмендегіше:
Әли Әлиев - футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері;
Денис Мамонов - Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға бапкері;
Кирилл Кекер - Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
Бауыржан Сағындық - Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері;
Мадияр Кембілов - Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;
Жанна Мальгаждарова - Қазақстан әйелдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
Юлия Мамонова - Қазақстан әйелдер құрамасының (U-17) аға бапкері.

Бұл кадрлық тағайындаулар федерацияның техникалық секторын жүйелі түрде жаңғырту бағытына сәйкес келеді. Аталған өзгерістер стратегиялық жоспарлау мен әдістемелік жұмыстан бастап, аймақтық бағдарламаларды дамытуға, бапкерлер дайындауға және құрамалар жұмысын үйлестіруге дейінгі ауқымды қамтиды.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Дереккөз: kazinform

Фото: kff.kz