Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатында 12 алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша Жанкелді Ахметов баптайтын Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді.

Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды. Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел қатысты.

Алтын алған алтын қыздар: 

• 48 келі – Айым Таңқыбаева

• 50 келі – Сила Биболсынқызы

• 52 келі – Рахмина Абдумежитова

• 54 келі – Жанель Имантаева

• 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали

• 60 келі – Толғанай Қасымхан

• 63 келі – Алина Құдайгенова

• 66 келі – Ақбота Есімбекова

• 70 келі – Мария Сидоренко

• 75 келі – Зарина Толыбай

• 81 келі – Құралай Егінбайқызы

• +81 келі – Сабина Жақсылық