Елордада 25 мамыр күні «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Велошеру бағыты 25 шақырымды құрайды. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастап, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
«Бұл – спорттық жарыс емес, сондықтан елорданың кез келген тұрғыны мен қонағы, жасына қарамастан, шараға тегін қатыса алады. Сондай-ақ, әркім өз велосипедімен келуі керек», - делінген хабарламада.