Қара алтынның құбылуына АҚШ-тың шикізат қорын ұлғайтуы әсер етіп отыр. Сондай-ақ, ОПЕК+ мұнай өндірісін тағы да арттыруы мүмкін деген болжамдар айтылады.
Bloomberg дерегінше, ұйымға мүше сегіз мемлекет шілде айында өндірісті жедел түрде ұлғайту мәселесін талқыға алған. ОПЕК қара алтын өндірісін үш рет қатарынан көтеруі мүмкін. Бұл мұнай бағасын тағы құлдыратуы ықтимал.
Қазір Brent маркасының бір баррелі 64 долларға саудаланып жатыр. Ал, WTI бағасы 61 долларға дейін төмендеген.
Фото: e-history.kz