Санаққа дайындық жұмыстары 1,5 жыл бұрын басталған. Негізгі санақ кезеңдері басталғанға дейін 1-30 маусым аралығында еліміздің 70 қаласында жеке қосалқы шаруашылықтарын алдын ала аралау жүргізіледі.
«Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығын қамтиды. Онлайн және офлайн кезеңдерге бөлінеді. Алдымен 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі. Заңды тұлғалар, фермерлер, үй шаруашылықтары – барлығы порталдағы санақ парақтарын қашықтан өз бетінше толтыра алады», - деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ауыл шаруашылығы санағына заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бар және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары, оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығымен айналысатын шаруа немесе фермерлік қожалықтар қатысады.
Фото: saryarka-samaly.kz