Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен пилоттық жобасы іске қосылды. Жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда электрондық үкімет порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы жаңа құжатты рәсімдеуге болады.
- Электрондық үкімет порталында немесе eGov Mobile қосымшасында өтінім толтырып, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қол қою қажет;
- Көрсетілген форматқа сай фото түсіріп, өтінімге тіркеу керек;
- Тексерістен өткен соң, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
Уәкілетті орган өтінімді, яғни тіркелген мекенжайды, жеке куәліктің мерзімін және тіркелген фотоны тексереді. Қызмет көрсету нәтижесі бойынша хабарлама келеді. Дайын жеке куәлікті Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
Министрліктердің бірлескен бұйрығы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 наурызға дейін қолданылады.
Фото: aikyn.kz