Астана халықаралық форумы басталды

Бүгін елордада Астана халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Іс-шара Президенттің қатысуымен өткен негізгі сессиямен ашылды.

Форум биыл «Идеяларды біріктіре, болашақты қалыптастыра» деген тақырыппен өтуде.

Ол үш негізгі бағытты қамтиды:

     🔹сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік
     🔹энергетика және климаттың өзгеруі
     🔹экономика және қаржы

Форумға әлемнің әр түкпірінен 160-тан астам спикер, 4 мыңнан астам қатысушы, сондай-ақ 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілі тіркелген. Алдағы күндері түрлі панельдік сессиялар мен бейресми кездесулер өтеді.