2024 жылдың басынан бері Қазақстанға оралған қандастардың 45,8 пайызы Қытайдан, 40,9 пайызы Өзбекстаннан, қалғаны Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және басқа елдерден келген.
Олардың 59,7 пайызы – еңбекке қабілетті, 17,4 пайызының – жоғары білімі бар. Еңбек күші тапшы аймақтарға (Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, СҚО және т.б.) 765 адам қоныстанды.
Қандастарға көшуге – 70 АЕК (275 мың), баспана мен коммуналдық қызметке – 15–30 АЕК (59–118 мың) көлемінде көмек көрсетіледі. Тұрғын үй алуға 4,56 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз сертификат беріледі.
Биыл 339 қандас қолдауға ие болды, оның ішінде 136-сы тұрақты жұмысқа орналасты.
Фото: baq.kz