Бүгін еліміздің барлық қаласында «Халық заңгері» атты ауқымды жалпы республикалық акция өтеді.
Шарада заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері азаматтардың толғандырған сұрақтарына жауап береді. Заң тұрғысынан кеңес беретін іс-шара барлық қалада ұйымдастырылады. «Халық заңгер» акциясы Астана қаласы бойынша Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында сағат 17.00-де басталады.
Айта кетейік, акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары. Мамандардан кеңес алу тегін.
Фото: ult.kz