Олжас Бектенов: Жалған өндірушілер енді нарыққа кіре алмайды

Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйеcін біріктіру арқылы цифрлық шешімдер негізінде отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалып жатыр. Адал өндірушілер оған автоматты түрде қосылады. Ал, "жалған өндірушілер" тізілімге ене алмайды. Жаңадан өтініш берушілер қарапайым өтініштің және автоматты цифрлық тексеру негізінде ешқандай бюрократиясыз қосыла алады.