Елімізде криптокарталар шығарылуы мүмкін

Ұлттық Банк «крипто-карта» жобасын және цифрлық активтер саласындағы пилоттық жобаларды жүзеге асыруды бастады.

Картаның бұл түрі «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында тіркелген лицензиясы бар криптобиржалармен жұмыс істейтін болады.  

«Бұл төлем карталары тұтынушыға қолма-қол ақшасыз операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Аталған шешім цифрлық активтердің айналымын қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы түрде біріктіруге жол ашады»,
- деп хабарлады Ұлттық Банк.


Фото: inbusiness.kz