2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады – Жеңіс Қасымбек

2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

- Жалпы, жаздың соңына дейін пойыздардың бәрі қалаға жеткізіледі. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады және күздің басында пилоттық режимде іске қосу және жөндеу жұмыстарын бастаймыз. 3-тен 6 айға дейін уақыт керек. Біздің жоспарымыз бойынша келесі жылдың 1-тоқсанында бұл көлік ресми түрде жұмысын бастайды, - дедіЖеңіс Қасымбек.


фото: tengrinews.kz