Қазақстан Болгарияға уран жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов айтты.
— Болгарияда екі блоктан тұратын атом электр стансасы бар. Әр блогының қуаты 1,2 мегаватты құрайды. Уранымызды болгар АЭС-іне жеткізу бойынша ынтымақтастық үшін әлеуетті алаң бар, — деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Фото: kaz.inform.kz