Қазақстанда ипотека арзандайды

Ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25%-дан 20%-ға дейін төмендеді. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысы шықты. Тиісті құжат 16 маусымнан бастап күшіне енеді.

Қалған несие түрлері бойынша мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Банктер мен микроқаржы ұйымдары беретін кепілсіз қарыздар бойынша шекті мөлшер – 46 пайыздан, кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 35 пайыздан аспауы тиіс.


Фото: t.me/atamekenbusiness_qaz