Қоғамдық орындарда бет-жүзді жабатын киімге тыйым салынады

Бүгін Сенатта депутат Наурызбай Байқадамов «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға жаңа норма енгізілетінін айтты.

Қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін анықтауға кедергі келтіретін киім немесе бұйымдар киюге тыйым салынады.

Бірақ бұл шектеу қызметтік, медициналық мақсаттарда, ауа райына байланысты немесе спорттық  және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде киетін адамдарға қолданылмайды.


Фото: azh.kz