Жыл басынан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларының қызметін анықтау және тоқтату бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.

Мәселен, 2025 жылдың басынан бері жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталған. Жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылған.

«86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.

2021 жылдан бері елімізде 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылып, 227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Фото: tirshilik-tynysy.kz