Астанада жылдамдығы жоғары 10G интернеті сынақтан өткізіледі

Астана әкімдігі мен Huawei Technologies Kazakhstan 10G интернетін іске қосуды көздейтін сынақ жобасы туралы келісімге отырды.

Екі тарап құжатқа «Қытай – Орталық Азия» форумы аясында қол қойды. Құжат Қазақстандағы цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Меморандум шеңберінде Астанада 10G кең жолақты интернет желісін пилоттық режимде сынақтан өткізу көзделген. Жоба smart city шешімдерін дамытуға, байланыс сапасы мен цифрлық қызметтердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.



Фото: atx.com