Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, бұл жоба кәмелетке толмаған балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғауға арналған.
Ұялы байланыс операторларымен бірлесе әзірленген SIM KIDS жобасы Қазақстан бойынша іске қосылған. Sim-карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттап отырады.
Картаның бір ерекшелігі жеткіншектің телефоны дыбыссыз режимде болса да, ата-ананың баламен байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ қосымша сабақтағы белсенділігін де бақылауға болады. Қайда жүргенін де көруге болады.
Қазіргі уақытта SIM-картаны кез келген адам пайдалана алады.
Фото: akkaiyn.bobekjai.kz