Ең көп өтінім Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Жетісу өңірінен түскен. Байқауға өтінімдер тек қатысушылар тарапынан ғана емес, 1711 отбасының кандидатурасын жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен еңбек ұжымдары да ұсынған.
Алда байқаудың аудандық, қалалық және облыстық кезеңдері өтеді.
Өңірлік кезең жеңімпаздары дәстүрлі түрде Отбасы күні қарсаңында елордада өтетін «Мерейлі отбасы» марапаттау рәсіміне қатысады. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге сыйақы табысталады.
Айта кетейік, ұлттық байқауға 11 жыл ішінде 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.
Фото: otyrar.kz