Жетісу облысында сегіз жаңа су қоймасы салынады

Жетісу облысында су үнемдеу технологиялары белсенді қолданылып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жетісу облысында вегетациялық кезең тұрақты негізде өтуде. Өңір әкімі Бейбіт Исабаев су қоймаларының орташа толу деңгейі 70%-ды құрайтынын, барлық егіс алқабы егіндік сумен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Биылға жоспарланған 1 млрд м3 су көлемінің 250 млн м3 мөлшері шаруаларға берілді. Қалған көлемді маусымның соңына дейін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Өңірде су үнемдеу технологиялары мен әдістері белсенді қолданылуда. Сегіз жаңа су қоймасын салу жоспарда бар. Бір бөгет салу жобасы дайындалды. Ислам даму банкі арқылы екі жоба жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, екі жоба республикалық бюджеттен және тағы екеуі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, —деп атап өтті Бейбіт Исабаев. 


Фото: Үкімет