Бұл туралы «Қазақтелеком» басқарма басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Сөзінше, NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютер елге жеткізілді. Енді таяу күндері Алматыда монтаж жұмыстары басталады.
«Шамамен 10 күнде дайын болады. 6,7 миллион CUDA-ядро, 1600 петафлопс, ондаған терабайт GPU-жады», – деді Бағдат Мусин.
Жүйе мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және корпоративтік тапсырыс берушілерге қолжетімді болады. Суперкомпьютер көмегімен техногендік апаттарды, қалалардағы көлік қозғалысын алдын ала болжауға болады. Сондай-ақ, шетелдік серверлердің көмегіне жүгінбей-ақ, жасанды интеллект өнімдерді дербес іске қосуға болады.