Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,7 пайызға өсті

Биыл елімізде қаңтар-мамыр аралығында 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 567 көппәтерлі үй, 11 430 жеке үй және 16 жатақхана. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% өсіп, 6 021,3 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде 3 854,7 мың ш.м. – көппәтерлі үйлер, 2 126,7 мың ш.м. – жеке үйлер.

Тұрғын үйдің басым бөлігін – 5 663,3 мың ш.м. немесе 94,1% жеке құрылыс мекемелері салған, оның ішінде 2 175,3 мың ш.м. халықтың өз күшімен тұрғызылған.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі биыл бес айда 15,4% өсіп, 2 001 млрд теңгені құрады. Өсім еліміздің 18 өңірінде тіркелді.


Фото: baq.kz