Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сұрауы жоқ 37 млрд теңге ақша жатыр. Қор өкілдері ақшасын алмай жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады.
37 млрд теңге 264 695 адамның жеке шотында қалған. Оның 148 335-сі қайтыс болғандар. 59 800 азамат шетелге көшіп кеткен. 56 560 адам жасына байланысты зейнетақысын ресімдеу үшін әзірге өтініш бермеген.
Ақшаны алу үшін зейнет жасына толған, бірақ өтініш бермегендер ХҚКО-ға барып, зейнетақыны рәсімдеуі тиіс. Шетелге көшіп кеткендер керекті құжатын жинап, өтініш беруі қажет. Ал қайтыс болғандардың мұрагерлері 6 ай ішінде нотариусқа барып, мұрагерлік рәсімдеуі керек. Өтініш мерзімінен асса, сот арқылы жүзеге асырылады.
Фото: gov.kz