Ресей Қазақстан азаматтарына қойылған талапты түсіндірді

Қазақстандағы Ресей елшілігі 30 маусымнан бастап күшіне енетін жаңа ереже бойынша түсініктеме берді.

Ереже шеңберінде визасыз режиммен кіретін елдердің азаматтарына, оның ішінде қазақстандықтарға, Ресейге бармас бұрын ruID мобильді қосымшасы арқылы электронды тіркеуден өту ұсынылады. Бұл – Бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесі арқылы жүзеге асады.

Елшілік бұл шараның тек сынақ ретінде енгізіліп отырғанын және Ресей мен Қазақстан арасындағы визасыз қатынас тәртібіне әсер етпейтінін атап өтті. Сонымен қатар тіркелу ерікті түрде жүргізіледі.


Дереккөз: tengri.kz

Фото: gov.kz