Қазақстандықтардың шетелден онлайн сатып алған тауарлары декларацияланады

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартын ратификациялады. Бұған дейін жеке тұлғалар шетелдік онлайн дүкендерден сатып алған тауарлары туралы есеп бермейтін.

Бұдан былай нормалары 200 еуродан немесе 31 келіден асатын тауар түрлері декларацияланады. Осы санаттағы тауарларға салық салу тәсілі де өзгереді. Кез келген сату көлемі үшін сатып алушы елінің ұлттық заңнамасына сәйкес сатушыдан қосылған құн салығы алынады.



Фото: gov.kz