Жезқазғанның жылу желілерін реконструкциялауға 2,8 млрд теңге бөлінді

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Қаражат жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына бағытталады.  

398 шақырым болатын Жезқазғандағы жылу желілерінің тозуы – 56,6%. Жылыту маусымында жылу желілерінің тозуы жылумен қамтуға кері әсерін тигізуде. Ресурстардың айтарлықтай шығыны орта есеппен 35-40%-ға жетеді, бұл қолданыстағы және салынып жатқан нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік бермейді.

Қаланың кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал реконструкциялауға жататын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды.

Үкімет резервінен бөлінген қаражат жобаны аяқтауға және 98 мыңнан астам тұрғыны бар қаланың жылу желілерін сапалы дайындауға мүмкіндік береді.


Фото: astana.citypass.kz