Президент: Таяуда Қазақстан есептеу қуаты жоғары суперкомпьютерді іске қосады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумға қатысты.

Президенттің айтуынша, дүние жүзінде жасанды интеллект саласындағы бәсекелестік күшейіп келеді.

«Менің ойымша, ЕАЭО бұл процестің алдыңғы шебінде болуға тиіс, тым болмаса артта қалып қоймауымыз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Мемлекет басшысы Қазақстанның келесі жылғы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалығы аясында жиындардың бірін жасанды интеллектінің дамуына арнауды ұсынды.