Еңбек министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, ЕТЖ жаңа әдістемемен есептеледі: еңбек өнімділігі, медиандық жалақы мен инфляция ескеріледі.
Қазір зерттеу жүріп жатыр, нақты сома 2024 жылдың соңына дейін белгілі болады. Жаңа ЕТЖ 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
2025 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге (2024 жылдағыдай); айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге (қазір 3692 теңге); зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге) екенін еске сала кетейік.
Фото: adyrna.kz