Жетісуда 5 мың өнерпаз «Бақтыбайдың әуені» мен «Ерке сылқым» күйін шертіп рекорд жасады. Аудан, ауылдардан жиналған күйшілер Талдықорғанның орталық алаңында «Ұлттық домбыра күнін» осылай ұлықтады.
Игі шараға Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков те қатысты. Ол жаңартылған көрсеткіштің сертификатын облыстық Мәдениет басқармасына табыстады.
Бұл челленджді Қарағандыдан қабыл алған жетісулықтар енді Атырау облысына жолдады.
Фото: egemen.kz