Алматыда «UILI BOLAYIK» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендіріп, өздерін әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде таныстырған.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15–30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген.
Жалпы, қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
Дереккөз: qazaqstan.tv
Фото: Freepik