Жамбыл облысында жер сілкінді

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді.

Бүгін сағат 14:30-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Сілкініс ошағы - Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жерасты дүмпуінің күші (балл бойынша):

Құлан ауылы  - 6 балл
Меркі ауылы  - 5 балл
Шу қаласы  - 3 балл
Сарыкемер ауылы  - 3 балл
Төле би ауылы  - 3 балл
Тараз қаласы  - 3 балл
Аса ауылы  - 2 балл
Мойынқұм ауылы  - 2 балл
Қордай ауылы  - 2 балл
Бауыржан Момышұлы ауылы  - 2 балл
Қаратау қаласы  - 2 балл
Тұрар Рысқұлов ауылы  2 балл

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Дереккөз: qazaqstan.tv

Фото: pixabay