Ақтауда 10 мың адамға арналған заманауи стадион салынады

Ақтауда 10 мың адамға арналған заманауи стадион салынады, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ақтауда 10 мың көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа спорт нысаны заманауи талаптарға сай салынып, футбол академиясымен жабдықталады.

Сондай-ақ спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалып, оқу-жаттығу алаңдары, киім ауыстыратын бөлме, медициналық пункт пен жаттығу залдары қарастырылады.

Маңғыстау облысының әкімдігінің мәліметінше, жобалау жұмыстары келесі жылы толық аяқталып, құрылыс кезеңіне өту жоспарлануда.

Фото: gov.kz