Президент халықтан келіп түскен Алакөлдегі туристік қызмет сапасына қатысты шағым бойынша Үкіметке тапсырма берді

Президент халықтан келіп түскен Алакөлдегі туристік қызмет сапасына қатысты шағым бойынша Үкіметке тапсырма берді

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне Үкіметтің назарын аударды. Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген, - деп жазды Р.Желдібай.

Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Фото: Egemen.kz