Абайдың 180 жылдығы 10 күн аталып өтеді

Абайдың 180 жылдығы 10 күн аталып өтеді. Шара аясында еліміздің барлық өңіріндегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі ұйымдастырылады.  

Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған 100-ден астам ауқымды іс-шара өтеді.

Шара 1 тамыз күні «ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталының ашылуымен басталады. Бұл бірегей платформа ақын мұрасын цифрландыру, жүйелеу және ғылыми ортаға қолжетімді етуге бағытталған.

Сондай-ақ концерт, көрме, ақындар айтысы, жас ақындар мүшәйрасы мен Абай мұрасын насихаттауға бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 10 тамыз – Абай күні болып бекітілген. Бұл күні Жидебайда Құран бағышталып, құрбандық шалынады. Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Фото: gov.kz