Қазақстанда 4 және 5 балалы отбасылар жәрдемақыдан қағылмайды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Әлеуметтік желіде 6 баладан аз көпбалалы отбасыларға жәрдемақы берілмейтіні туралы ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі беріледі», - делінген министрлік хабарламасында.
Мұндай отбасыларға табысына қарамай, ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланады.
Фото: egov.kz