Халық жазушысы, ақын Исрайл Сапарбай қайтыс болды

Халық жазушысы, ақын Исрайл Сапарбай қайтыс болды

Ақынның таңғы сағат 04:00 шамасында Қаскелеңдегі үйінде ауыр науқастан қайтыс болғанын Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов хабарлады.

Исраил Сапарбай –  Қазақстанның халық жазушысы, «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, нәзік лирикасымен танылған ақын, драматург әрі талантты композитор.

Ол –  қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар, ұлт руханиятына өлшеусіз мұра қалдырған көрнекті қаламгер еді.

Фото: qazaqstan.tv