Министр: Бұл – бір дәрігерге емес, бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне соққы
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай мен Қарағандыда дәрігерлерге жасалған зорлықтан кейін қазақстандықтарға үндеу жолдады.
Қостанайда жас хирург пациент тарапынан соққыға жығылып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Ал Қарағандыда жеке клиникадағы медбикеге шабуыл жасалған.
«Бұл – тек бір дәрігерге шабуыл емес. Бұл – ондаған науқастың емсіз қалуы, бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне соққы. Мұндай жағдайға мүлде жол беруге болмайды», –деді министр.
Қыркүйекте Парламентте медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған жаңа заңға өзгерістер енгізіледі. Бұдан былай ургенттік стационарларда, перзентханаларда және балалар орталықтарында тәулік бойы күзет қойылады.
Дереккөз/фото: qazaqstan.tv