Дәрігерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қазақстанда ақ халаттыларға шабуыл жасағандарға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Күзде Парламентте дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады.

Бір медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 2-7 жылға бас бостандығынан айырылады;

Төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады;

Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Мұндай шешімге оқиғалардың жиілеуі себеп болды. Мысалы 17 шілде күні Қостанай облысында дәрігерге шабуыл жасалып, ол реанимацияға түскен болатын.

Фото: 7-su.kz