Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы жоғалып кетті

Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы жоғалып кетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі мен ТЖД мамандары бірлесе іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі