Табиғатты қорғау прокурорлары «Теңізшевройл» ЖШС-не 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықты анықтады.
— «Теңізшевройл» ЖШС 2023 жылдың 3 және 4-тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2-тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарған. Оның ішінде 4,9 тонна ластаушы зат қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталғаны анықталды. Осыған байланысты, «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты прокурордың қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сотпен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл шешім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.
Фото: «Теңізшевройл» ЖШС