Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Президент жиын-терін науқанына дайындықтың, агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңызына назар аударды.

Сондай-ақ Петропавлдағы 2-ЖЭС-ті жөндеу және жылумен, энергиямен қамтамасыз ету желілерін реконструкциялау жұмыстарын жылдам аяқтау қажет екенін ескертті.


Фото: Ақорда