11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны алу тәртібі өзгереді

Енді ЭЦҚ-ны тек онлайн-форматта алуға болады. Бұрын ЭЦҚ кілтін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді.

ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болады:

✅egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіру;

✅Онлайн өтінім жіберу;

✅Биометриялық сәйкестендіруден өту (жүйе камера арқылы бет-әлпетіңізді таниды).

«Кейде жүйе адамды тани алмауы мүмкін. Мысалы, базада фотосурет болмаса немесе техникалық ақау болса, жүйе 5 ретке дейін биометриялық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Осы әрекеттер сәтсіз аяқталғанда ғана ХҚКО-ға жүгінуге болады», - делінген министрлік ақпаратында.  

Сондай-ақ ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған.


Фото: informburo.kz