Мемлекет басшысы Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда кітап оқитын ұлт болудың маңызын атап өтіп, Ұлттық кітап күнін белгілеуді тапсырған болатын. Соған сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып атап өтілді. Осы мерекеде отандық әдебиетті кеңінен насихаттауды көздейтін «100 кітап» жобасы бастау алды.
Жалпыхалықтық сауалнама еGov.kz порталында 23 сәуірден 9 тамызға дейін жүргізілді.
Сауалнамаға барлық өңірлерден жалпы саны 100 мыңнан астам адам дауыс берген. Қорытынды тізімге классикалық шығармалардан бастап, қазіргі заман авторларының да туындылары енді. Толығырақ
Фото: biz.kz