Биыл елімізде 340 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады

Қазіргі уақытта Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. 1 қыркүйекте 4,1 млн оқушы мектепке барады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Ол жаңа оқу жылынан бастап білім беру үдерісіне ЖИ элементтері кезең-кезеңімен енгізілетінін атап өтті. Атап айтқанда, 2025-2026 оқу жылында ЖИ интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен басталады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басқарудың жаңа стандарты әзірленіп, 3 мыңнан астам педагогтер үш деңгейлі оқытудан өтті. Аталған модель өз жұмысын осы жылдың қыркүйек айынан бастайды»,— деді Ғани Бейсембаев.  


Фото: baq.kz