Мемлекет басшысы Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға саналатынын атап өтті. Сондай-ақ бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді.
Мемлекет басшысы әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Ал Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті.
Фото: Ақорда