Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Премьер-министрдің өкімімен нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штаб құрылды.
Штабқа Премьер-министр басшылық етеді, оның орынбасарлары – Премьер-министрдің орынбасары және Ішкі істер министрі.
Негізгі міндеттері:
▪️Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылын үйлестіру;
▪️Алдын алу шараларын әзірлеу;
▪️ тәуелді адамдарды емдеу және оңалту жүйесін жетілдіру.
Штаб құрамына Бас прокуратура, ҰҚК, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық банк және басқа да министрліктер өкілдері кірді.
Сондай-ақ барлық облыстарда және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құрылмақ.
Фото: Үкімет