Бүгін көрнекті композитор, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толды.
Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.
Фото: diapazon.kz