Халықаралық валюта қорының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 14,8 мың АҚШ долларына жетті. Бұл ел тарихындағы ең жоғары деңгей және рейтингте бірінші орында тұр.
Қазақстан осы көрсеткішпен Ресейден (14,26 мың $), Қытайдан (13,69 мың $) және Түрікменстаннан (13,34 мың $) озып кетті.
Өзге елдердің ЖІӨ: Грузия – 9,57 мың $, Армения – 8,86 мың $, Әзербайжан – 7,6 мың $, Өзбекстан – 3,51 мың $, Қырғызстан – 2,75 мың $, Тәжікстан – 1,43 мың $.
Фото: aa.com.tr